Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді – ІІМ
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласында полицейлер 26 жастағы тұрғынды ұстады. Жеке тінту және жалға алған пәтерін тінту барысында одан жалпы салмағы 245 грамм болатын 227 орам а-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Тергеу мәліметінше, күдікті оны елорда аумағында өткізуді көздеген.
ІІМ мәліметінше, шілде айының алғашқы онкүндігінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөлімшелермен бірлесіп 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 86 қылмыстық теріс қылық және 101 қылмыс тіркелген.
Осы кезеңде:
- есірткіні өткізудің – 46;
- аса ірі мөлшерде сақтаудың – 4;
- құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егудің – 40;
- есірткі контрабандасының 4 фактісінің жолы кесілді.
Заңсыз айналымнан 266 келі прекурсор мен 760 келі есірткі, оның ішінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Министрлік жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткінің алдын алуға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Алғашқы онкүндікте 6 мыңнан астам жасөспірім мен жасты қамтыған 145 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
"Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жастардың есірткі ортасына тартылуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:02, 13 шілде 2026
Қазақстан мен Түркия арасында күн сайын қатынайтын жаңа әуе рейстері ашылады
-
10:55, 13 шілде 2026
Демалыс аймағында бизон келушілерге шабуыл жасады - видео
-
10:44, 13 шілде 2026
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды
-
10:37, 13 шілде 2026
Синнер Уимблдонда топ жарып, «Үлкен дулығадағы» бесінші титулын жеңіп алды
-
10:21, 13 шілде 2026
«Қазгидромет» Астана, Алматы және тағы екі қала тұрғындарына ескерту жасады





