Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

16:15, 3 шілде 2024

© Сурет: primeminister.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады.

Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.

Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!