Сарыағашта екі қарақшы кәсіпкердің 700 мың теңгесін тартып алды
Түркістан облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған екі адамның бірі іздестіріліп жатыр. Оқиға Сарыағаш қаласында болған. "Газель" көлігіне отырған ер адамды бетперде киген екі жігіт қарумен қорқытып, 700 мың теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін тартып алып, ізін жасырған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бейнекөріністе күдіктілердің әрекеті айқын көрініп тұр. Олар ақшаны алысымен, көлікке отырып, белгісіз жаққа бой тасалаған. Облыстық полиция департаментінің білікті мамандары сарыағаштық әріптестерімен бірлесіп, сезіктілердің бірін Шымкенттегі жалдамалы пәтерден тауыпты. Ол бұған дейін 3 рет сотты болған қала тұрғыны екен.
Сұлтанбек Үсіпбеков, Түркістан облыстық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары:
"Оқиға орнына бұлар жалған мемлекеттік автокөліктің номерімен барған. Аталған номерді қылдмыстан алдын бір күн бұрын Шымкентте көшеден жасырын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда, қасында болған екінші сыбайласы анықталып, ұстау жұмыстары жүргізілуде".
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:28, 13 наурыз 2026
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді
-
22:56, 12 наурыз 2026
Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды
-
22:56, 12 наурыз 2026
Ақтөбеде қоқыстан табылған адамның денесіне қатысты іс қозғалды
-
22:27, 12 наурыз 2026
БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі
-
21:57, 12 наурыз 2026
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында бақ сынайды





