Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: іс-шаралар жоспары бекітілді
© Сурет: assembly.kz
Үкіметтің 2024 жылғы 24 қазандағы қаулысымен "Бірлік пен келісімнің 30 жылы" Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспарға тақырып бойынша бөлінген 36 түрлі іс-шаралар кіреді:
- Негізгі іс-шаралар.
- Әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар.
- Ақпараттық-имидждік іс-шаралар.
Атап айтқанда, жоспарланған:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай іс-шара өткізу (Алғыс айту күніне арналған форум) — 2025 жылғы 1 наурыз.
- ҚХА 30 жылдығына арналған ҚХА ХХХІV сессиясын өткізу — 2025 жылғы сәуір.
- Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізу (Мемлекеттік және қоғамдық наградаларды, "Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту аясындағы мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстары үшін" және "Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін" сыйлықтарын табыстау) — 2025 жылғы қазан.
- ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу — 2025 жыл ішінде.
- ҚХА 30 жылдығына арналған өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру — 2024 жылғы желтоқсан.
- Этномәдени бірлестіктердің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Соль Наль" ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды мерекелеу, "Ахыска" түрік ЭМБ фотокөрмесі, "Возрождение" неміс ЭМБ "Біз біргеміз! Wir sind zusammen!" концерті, ҚХА 30 жылдығына және "Қазақстан украиндарының радасы" ЭМБ 20 жылдығына арналған "Ми разом, ми одна сiм’я!" (Мы вместе, мы одна семья!) салтанатты концерті, ұйғыр ЭМБ "Бірлікке 30 жыл – 30 лет единства" жас суретшілердің байқау-көрмесі, татар ЭМБ халықаралық "Сабантуй") — 2025 жыл ішінде.
- "Ассамблея жастары" РҚБ ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Көшбасшылар мектебі" білім беру платформасының іс-шаралары, "Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл" қайырымдылық акциясы, "Жастар-LIFE" және "Елім менің" жобалары, "Сыр елі – достық мекені" республикалық жастар форумы, "Бірлік-Единство.kz" жастар форумы, "Рақмет, Жер ана!" республикалық экологиялық акциясы) — 2025 жыл ішінде.
- ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу (Ұлт құрылысы туралы тұжырымдамалық-терминологиялық аппараттың (глоссарийдің) жариялануы, "Қазақстанның ұлттық бірлігі: тарих, қазіргі заман және жаңа үрдістер" монографиясы) — 2025 жыл ішінде.
- Париж қаласындағы (Франция) ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде ҚХА қызметінің таныстырылымын ұйымдастыру — 2025 жылғы мамыр.
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға:
- жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
- есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылсын.
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ҚР Президенті Әкімшілігіне ұсынсын.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:16, 30 қазан 2024
Қазақстанда әлеуметтік қызметтер бойынша кәсіби стандарт бекітілді
-
16:09, 30 қазан 2024
Қарағандыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам қаза тапты
-
15:56, 30 қазан 2024
30 қазандағы саудада доллар арзандады
-
15:46, 30 қазан 2024
Қазақстанда экономиканың «голланд ауруы» ықтималдығы артып келеді
-
15:19, 30 қазан 2024
Павлодардың әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан