Ресей су қоймасынан ағызылған су Атырау облысына келуді жалғастыруда

12:42, 4 мамыр 2024

© Сурет: unsplash

Ресейдің Волгоград су қоймасынан ағызылған су Атырау облысындағы Қиғаш және Шароновка өзендеріне келуді жалғастыруда. Бұл туралы 2024 жылдың 4 мамырында өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сай, су деңгейінің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 2024 жылғы 4 мамыр, сағат 8-дегі жағдай:

  • Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 367 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 238 см құрайды.
  • Қиғаш өзені – Котяевка с. гидропосты бойынша су деңгейі 232 см, тәулігіне көтерілу + 3 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 222 см құрайды.
  • Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 222 см, тәулігіне көтерілу +3 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 125 см құрайды.

"4 мамырда Еділ су электр станциясынан су жіберу 15 870 м3/с құрайды".Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Айта кетейік, елімзде қарғын су басқан 10 өңірдің басым бөлігінде қираған үйлердің орнына жаңасы салынып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!