Ресей азаматы бастаған «қоңырау шалғыш» алаяқтар Алматыда ірі бизнес орталықта отырған

© Сурет: pexels
Құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум шеңберінде Бас прокуратура және Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД қызметкерлері интернет-алаяқтықтың Call-орталығының жұмыс істеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде Ресей азаматы Call-орталық орталығын жұмысын ұйымдастырған және Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа орналастырған. Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан, қолма-қол ақшаны крипто шоттарына аударғаннан кейін жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған.
"Әртүрлі GSM-шлюздер мен "Sim-Box" пайдалана отырып, интернет арқылы анонимді қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлер мен басқа да жабдықтардың 60 бірлігі тәркіленді", делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ, дайын сценарийлері бар дәптерлер тәркіленді, онда мінез-құлық алгоритмі және клиенттермен қалай жұмыс жасау керек екені көрсетілген (не айту керек, өзін қалай ұстау керек, аға менеджерлерге ауысу және т.б.).
Аталған факт бойынша алаяқтықпен сотқа дейінгі тергеу басталды, жәбірленушілер мен келтірілген залал анықталды.
Прокуратура органдары азаматтарды мұқият болуға, күмәнді инвестициялық салымдар туралы көндіруге берілмеуге, өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай Call-орталықтың жұмыс істеуі туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Бұған дейін Ақмола облысында туристік агенттік 40-қа жуық азаматты алдап соққаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:03, 9 ақпан 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері: Жекелей жарыстарда жүлдесіз қалғанымыз көңілге қаяу түсірді
-
13:40, 9 ақпан 2025
Министр шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады
-
13:22, 9 ақпан 2025
Азия ойындары: керлингтен ерлер құрамасы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
-
12:53, 9 ақпан 2025
Қызылордада оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
-
12:06, 9 ақпан 2025
Қазақстандық конькишілер Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды