Президент: Шұғыл атқаратын шаруаның бірі – еліміздің аумағында халықаралық әуе хабын құру

13:25, 28 қаңтар 2025

© Фото: unsplash

2025 жылдың 28 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде халықаралық әуе хабын құру қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кезек күттірмейтін міндет, деді президент.

"Ірі әуежайларымызды бәсекеге қабілетті халықаралық хабқа айналдыру үшін тез арада батыл шешімдер қабылдау қажет. Алдымызда жүк және жолаушылар терминалдары, логистикалық орталықтары және заманауи сервистері бар толыққанды экожүйе құру міндеті тұр. Жүк тасымалының барлық рәсімін жеңілдетіп, авиаотынға қолжетімді баға қою керек. Кейінгі мәселе өте өзекті. Өйткені біздің әуежайлардағы, атап айтқанда, Астана әуежайындағы авиакеросиннің бағасы тым қымбат." Президент

Үкімет Бәсекелестікті қорғау ведомствосымен бірге аталған міндетті алғашқы жартыжылдықта орындауы керек, деп тапсырды мемлекет басшысы.

"Қазір әлемде әуемен жүк тасымалдау нарығы 140 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл – орасан зор мүмкіндік. Алайда бірде-бір қазақстандық авиакомпания аталған салада толық жұмыс істемейді" Қасым-Жомарт Тоқаев

Айта кету керек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент еліміздегі жылу электр станцияларындағы апаттарға ерекше назар аударды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!