Полиция автокөлік иелерін жаңа интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырды
© Фото: pexels
Қазақстандық полицейлер автокөлік иелері интернет-алаяқтардың нысанына айнала бастағанын ескертті.
Соңғы уақытта түрлі елдерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар жіберу фактілері жиілеген.
"Қаскөйлер жүргізушілерге электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хаттар мен хабарламалар жібереді. Онда адамның жеке деректері, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеу" сілтемесі көрсетіледі. Алайда бұл – фишингтік шабуыл", – деп түсіндірді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Оның айтуынша, егер адам сол сілтеме арқылы банк картасының мәліметтерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізе алады. Кей жағдайларда мұндай сілтемелер арқылы вирус тарап, жеке деректер ұрланады.
Мұндай шабуылдар бұған дейін АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал қазір олардың Қазақстанда таралу қаупі бар.
Полиция еске салады:
- ресми айыппұлдар туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді;
- оларда төлем жасауға арналған сілтемелер болмайды.
Айыппұлдарды тексерудің ресми тәсілдері:
- egov.kz;
- qamqor.gov.kz;
- банктердің мобильді қосымшалары.
Егер сізге күмәнді хабарлама келсе:
- сілтемелерге өтпеңіз және тіркелген файлдарды ашпаңыз;
- ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз;
- карта деректерін енгізіп қойған болсаңыз – дереу картаны бұғаттап, банкке және полицияға (102) хабарласыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:27, 18 маусым 2026
БҚО-да қызметтік көлікті мас күйде басқарған әкімге қатысты іс күтпеген жалғасын тапты
-
09:14, 18 маусым 2026
Павлодарда сотталған адамға телефон өткізудің тосын тәсілі әшкереленді
-
09:07, 18 маусым 2026
Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады
-
08:56, 18 маусым 2026
Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат
-
22:57, 17 маусым 2026
«Қайрат» сапындағы соңғы ойнында Дастан Сәтпаев дубль жасады





