Перзентханада қайтыс болған әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлайды

11:14, 4 қараша 2020

Бала үстінде қайтыс болған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кіналап отыр. Олардың сөзінше, ақ халаттылар өрескел қателік жіберген. Қайғылы жағдайдың тіркелгеніне жарты жыл өтсе де, ешкімнің кінәланбағанына ашуланған жандар араша сұрады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, келіншектің жүктілік кезінде ешқандай кінараты болмаған. 12 мамырда акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында салмағы 5 келіге жуық бала босанған. Алайда үш күннен кейін нәресте шетінеп кетсе, бір күн өткенде анасы да көз жұмған. Туыстары қайғылы жағдай дәрігерлер қателігінен болды деп отыр.

– Кешкісін қызымды Раева Роза Мамырқызы қабылдады. Сағат 17.20-да алғаш рет қарады. Арада 40 минут өткенде оған ота жасай бастаған. Босану барысында бала қысылып қалғандықтан ваккуумды индукация арқылы баланы суырып алған. Босанғаннан кейін қызымның кеуде тұсы ауырып, қан қысымы бірден төмендеп, қан кете бастаған, – дейді марқұмның әкесі Ерлан Мұхамбетов.

Перзентхана басшылығы осы оқиғадан кейін марқұм келіншекті босандырған дәрігерлерге қатаң сөгіс жарияланып, жұмыстан шеттетіпті. Бірақ, әйелді УЗИ-ге түсіріп үлгермегендіктерін жеткізді.

Марина Рузматова, акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының ресми өкілі:

Ол жекеснбі күні түсті. Барлдығы штатты жағдайда болды. Кесір тілігін жасаудың қажеті болмады. Сондықтан дәрігерлер ондай шешім қабылдамаған. УЗИ-ге түсіріп үлгермеген. Сондықтан баланың қайдай екені белгісіз болған. Іші үлкен болғанымен кейде суы көп болады, сыртынан қарап баланың үлкен-кіші екенін анықтау мүмкін емес.

Қылмыстық істі тергеуді Полиция департаментінің Тергеу басқармасы өз бақылауына алып, Қылмыстық кодекстің 317-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр екен.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Барлық сараптамалар тағайындалды. Соның ішінде сот-медициналық кешенді сараптама. Яғни, адамның өліміне, екі адамның өліміне қандай себептер болғанын анықтау мақсатында. Жаңа туылған нәрестенің де өліміне сараптамалар тағайындалды.

Перхзетханаға өзі барып, сүйегін алып шыққан туыстары енді қайғылы жағдайға жол берген жанжаржың жауапқа тартылған қалайды. Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді бұл саладан аластату керек деп есептейді. Егер дәрігерлердің кінәсі дәлелденсе,10 жылға дейін бас бостандығынан айырырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!