Перуде туристік ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты
© Фото: unsplash
2026 жылғы 2 тамызда Перуде бортында 13 адам мінген туристік ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақтағы адамның бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, бортында 11 жолаушы мен екі экипаж мүшесі болған ұшақ Писко әуежайынан ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55 шамасында Наска қаласының маңындағы егістік алқапқа құлаған.
Әуе апатының себептері анықталып жатыр.
Наска Перудің оңтүстігінде орналасқан. Қала ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ежелгі Наска геоглифтерімен (Наска сызықтары) әлемге танымал.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 2 тамыз 2026
Алматыда жыл басынан бері мас күйде 224 қылмыс жасалған
-
14:07, 2 тамыз 2026
Тауға шығып, орала алмаған жасөспірімдер Турист шыңы маңынан табылды
-
13:54, 2 тамыз 2026
Үрлемелі шеңбермен суға түскен қызды жағадан 200 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен
-
12:58, 2 тамыз 2026
Америкалық актер Винсент Пасторе қайтыс болды
-
12:34, 2 тамыз 2026
2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





