Павлодарлық әйел алаяқтық жолмен 100 млн теңгеге байыған

18:18, 28 қаңтар 2025

© Сурет: polisia.kz

Павлодар облысының полициясы алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір уақытта облыстың бірнеше тұрғыны бір адамға қатысты алаяқтық әрекет туралы полицияға арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, олардың танысы бизнесті дамыту сылтауымен сенімге кіріп, қомақты қаржы қарызға алған. Алайда айтылған уақытта қарызды қайтармаған.

"Залал сомасы 100 миллион теңгеден асқан. Алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды". Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта оның өңірдегі басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, Павлодар облысында 2025 жылдың басынан бері 169 алаяқтық дерегі тіркелген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!