Павлодарда жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған тұрғын жауапқа тартылды

12:49, 22 сәуір 2026

© Фото: pexels

Павлодарда полицейлер қала жолдарында да, қоғамдық орындарда да заңдылықтың сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды.

Сондықтан ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайды. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.

Мәселен, Павлодар – Қызылорда автожолында патрульдік полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды.

Тағы бір жағдайда Омск – Майқапшағай автожолында "Газель" көлігінің жүргізушісі тиісті санаты болмай, көлік басқарған.

"Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, көліктері арнайы айып тұрағына қойылды", — деп атап өтті Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың 1718 дерегін анықтаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!