Павлодар облысында жұмысшы қаза тапты

17:38, 3 шілде 2024

© Сурет: pxhere

Павлодар облысында жұмысшы көз жұмды. Оқыс жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 2 шілде күні түсіру орнынан қозғалу кезінде автосамосвал құлап кеткен. Салдарынан 1966 жылы туған жүргізуші қайтыс болған.


"Қазіргі таңда жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылуда. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады", - деп хабарлады басқарма.

Қайғылы оқиға "Богатырь Көмір" ЖШС-нде болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!