Павлодар облысында дәрігерлер ауыл тұрғынын жолда босандырып алды

18:45, 2 шілде 2024

© Сурет: pixabay

Павлодар облысында дәрігерлер ауыл тұрғынын жолда босандырып алды. Сәби мерзімінен бұрын дүниеге келген, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтоғай ауданы ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, 27 шілде күні әйел адам жүктіліктің жетінші айында өзінің әжесіне Ақтоғай ауданының Ақжол ауылына барған. Шамамен таңғы жетіде мерзімінен бұрын толғағы басталып, жедел жәрдем шақырған. Біраз уақыттан кейін Жолболды медициналық пунктінің акушер-гинекологы Сара Жайықбаева мен Ақжол ауылының медбикесі Кенжегүл Сыздықова келген.

Екі дәрігер әйелді босандыру үшін облыс орталығына бет алған, алайда Разумовка ауылына жетпестен тәжірибелі дәрігерлер әйел адамды аман-есен босандырып алған.

"Жоғары кәсібилік пен жедел әрекет еткен аудандық аурухана ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Ақ халатты абзал жандарға тағзым етемін", - дейді Ақжол ауылының тұрғыны Ирина Шавела.

Айта кетейік, әжесі шөбересінің атын Әлимансұр деп қойған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!