Милад Карими Франциядағы халықаралық турнирде топ жарды

17:12, 3 шілде 2024

© Сурет: olympic.kz

Францияның Труа қаласында алты мемлекет спортшыларының қатысуымен спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды - 15.000.

Екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, үздік үштікті италиялық Марио Мачиати түйіндеген.

Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Курбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!