Мәжіліс ғылым саласына қатысты заңнамалық түзетулерді қабылдады
© Фото: pixabay
2026 жылғы 15 сәуірде Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң жобасы Қазақстанда ғылым мен инновацияны ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамытуға арналған тиімді құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.
Құжатта елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін арттыру үшін ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын күшейту тетіктері ұсынылған. Бұл ретте ғылымды қажетсінетін аумақтарды құру және дамыту қарастырылған.
Заң жобасына сәйкес, мұндай аумақтар ғылыми қала (наукоград) немесе ғылыми-технологиялық парк ретінде жұмыс істейді. Оларға мәртебе беру және одан айыру тәртібі айқындалады. Сонымен қатар Үкіметтің, уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері бекітіліп, оларды дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Бұдан бөлек, құжатта ғылыми зертханалардың ортақ пайдаланылатын инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері енгізіледі. Ұлттық ғылым академиясының квазимемлекеттік сектор субъектісі ретіндегі мәртебесі нақтыланып, оның мүлкін қалыптастыру көздері, қаржыландыру тәртібі және міндеттемелер бойынша жауапкершілігі айқындалады.
Сондай-ақ ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімдерін есептеу тәртібі жетілдіріліп, ғылым және технологиялар саласында форсайттық зерттеулерді заңнамалық тұрғыда бекіту көзделген. Ғалымдардың құқықтарын қорғау және ғылыми қызметкерлердің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар да енгізіледі.
Құжат денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құруды да қарастырады. Бұл орталықтар жоғары технологиялық медициналық көмектің бірыңғай стандарттарын енгізуге, диагностика дәлдігін арттыруға және саланы әдістемелік тұрғыда қолдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі жетілдіріліп, мемлекеттік қызметтің композиттік форматы енгізіледі. Бұл олардың нарыққа шығу мерзімін қысқартып, халық үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, аталған заң жобасы бірінші оқылымда 2026 жылғы 25 ақпанда мақұлданған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты
-
13:11, 17 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен келді





