Мәжіліс ЕЭО техникалық регламенттері жөніндегі келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады
© Фото: senate.parlam.kz
Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 14 қаңтардағы пленарлық отырыста ЕЭО техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылаудың қағидаттары мен тәсілдері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялап, Парламент Сенатына жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков бұл заң жобасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау қағидаттары мен тәсілдері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізуді көздейтінін айтты.
"Аталған келісімде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған. Сонымен бірге одақтың материалдық-құқықтық актілеріне терминологияны нақтылауға байланысты өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өндіруші кәсіпкерлер үшін тәуекелдерді азайту мақсатында Мәскеуде "қауіпті өнім" деген терминді "одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім" деген тұжырыммен алмастыруды көздейтін өзгерістер туралы хаттама дайындалып, оған қол қойылды. Осылайша, құқықтық реттеуді неғұрлым нақтылау үшін өзгерістер тікелей келісім мәтініне енгізілді", – деді ол.
Оның айтуынша, хаттаманы қабылдау үшін ішкі мемлекеттік шешім қабылдау қажет, бұл үшін бюджеттен қаражат бөлінбейді.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығарылатын тауарлардың шығу тегін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:41, 4 наурыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Бейсенбіде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
19:58, 4 наурыз 2026
Әлемдегі жетекші әуе компаниялардың бірі Дубайға қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын мәлімдеді
-
19:43, 4 наурыз 2026
Шымкентте қызметтік көлікті теуіп, полицейді бетінен ұрған жасөспірім сотталды
-
19:33, 4 наурыз 2026
Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді
-
19:12, 4 наурыз 2026
Түркияда Иран ұшырған баллистикалық зымыран атып түсірілді





