Метапневмовирус шынымен де коронавирус секілді қауіпті ме - мамандар пікірі
© Сурет: depositphotos.com
Отандық ақпарат алаңында Қытайда "басталып", бірқатар елдерде, соның ішінде біздің елімізде де төбе көрсетіп үлгерген метапневмовирустық инфекция жайлы ақпаратқа толып кетті. Zakon.kz аталған инфекция шынымен де қорқынышты ма, оның жайын мамандардан біліп көрді.
Бұрын жазғанымыздай, Қытайда бұрқ еткен метапневмовирус денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай салмақ салып, ауруханалар науқастарға толып кеттті. 2025 жылдың 6 қаңтарындағы жағдай бойынша расталған жағдайлардың нақты саны белгісіз. Дүниежүзіндегі жағдай әзірге келесідей:
- Үндістан - балаларда екі жағдай;
- Қырғызстан - екі жағдай;
- Украина - 13 жағдай;
- Қазақстан - 30 жағдай.
Педиатр, инфекционист Ләззат Ералиеваның айтуынша, адамның метапневмовирусы - тыныс алу жолдары ауруларын тудыратын респираторлық вирус. Ол Қазақстанда (іс жүзінде әлемде) жыл сайын тіркеледі, маусымдық сипатқа сай қыста сырқаттанушылық өседі, жалпы барлық 12 ай бойы "жүреді".
"Инфекция көзі - науқас адам. Бір қызығы, балаларда метапневмовирустың бөлінуі өте ұзақ болуы мүмкін және үш аптаға дейін созылады. Метапневмовирус адамнан адамға жөтелу және түшкіру кезінде сілекей тамшылары арқылы, науқаспен тығыз байланыста болған кезде, вирус жұқтырған заттарға қол тигізу арқылы таралады. Содан кейін қолдан ол ауызға, мұрынға немесе көзге түседі. Бұл вирус тұрмыстық заттарда алты сағаттан астам уақытқа сақтала алады. Дегенмен ол барлық дезинфекциялық құралдарға сезімтал және оңай зарарсыздандырылады. Инкубациялық кезеңі - үш-бес күнге дейін. Метапневмовирустық инфекцияның типтік белгілері - мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, дауыстың қарлығуы, жөтел. Егер вирус төменгі тыныс жолдарына әсер етсе, онда ентігу пайда болуы мүмкін", – дейді дәрігер.
Сонымен қатар, "коронавирустан" айырмашылығы метапневмовирустың тез мутацияға ұшырау қабілеті жоқ және инфекция, әдетте жеңіл жүреді. Адамның сауығуына, әдетте бір апта кетеді.
Тәуекел тобында бес жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан ересектер және иммунитеті төмен науқастар жатады: олар бронхит пен пневмониямен ауыруы мүмкін. Алайда, ауруды қоздырмау және емделмей жүре бермеу керек. Шынында да, ЖРВИ-дің кез-келген түрінің асқынуының салдары қорқынышты.
Денсаулық сақтау министрлігі халықтың үрейін қашырған ауруға сабырмен қарайды. Олар қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде екенін айтады. Әдеттегідей, қаңтар айында өсім көрсеткен аурудың аптығы ақпан айының ортасынан бастап табиғи түрде басылады деп болжанады.
Алайда, қазіргі эпидемиологиялық жағдай мамандардың алаңдаушылығын тудырмайды. Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап елімізде ЖРВИ-нің 2 миллионнан астам жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен. Бұқаралық ақпарат құралдары шулатқан метапневмовирус бойынша алынған сынамалардың 2% оң болып шықты, өткен жылы оның үлес салмағы 5% -ды құраған.
"Негізінде әр науқастағы вирустың түрін анықтап жатудың қажеті жоқ, оны әлемде ешкім жасамайды. Біріншіден, бұл инфекцияларды емдеу біздің елде бекітілген бір клиникалық хаттамаға, яғни тұмау мен ЖРВИ емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі. Екіншіден, олардың барлығы негізінен ауа тамшылары арқылы беріледі, белгілері мен алдын алу шаралары бірдей. Сондықтан тестілеу әр науқаста жүргізілмейді, бірақ бір немесе басқа эпидемиологиялық маусымда қандай вирустар айналып жүргенін, бір эпидемиологиялық маусымның екіншісінен қалай ерекшеленетінін, вирустардың үлес салмағы қалай өзгергенін және "вирустық ландшафт" әлемге қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін жасалады", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.
Алдын алау шаралары да стантартты:
- адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
- үй-жайларды үнемі желдету; қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
- ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
- тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу;
- ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған метапневмовирус жайына қатысты пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды