Мемлекет басшысы Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтіп, Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды.
Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бейіл екенін растап, өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды.

Сурет: akorda.kz
Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.
Бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан президенттері маңызды стратегиялық келісімге қол қойғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:22, 24 қаңтар 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
18:59, 24 қаңтар 2026
«Заң және Тәртіп» әр үйдің, әр отбасының табалдырығынан басталуы керек - Елнұр Бейсенбай
-
18:56, 24 қаңтар 2026
«Ақ жол» партиясы банктік құпияны конституциялық деңгейде қорғауды күшейтуді ұсынады
-
18:49, 24 қаңтар 2026
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Конституцияда «Миранда қағидасын» бекітуді ұсынды
-
18:39, 24 қаңтар 2026
Жаңа Конституцияда терминологиялық алшақтықтарды жою керек – Талғат Нәрікбаев





