Мемлекет басшысы елорданың басты мәселесін ашып айтты

15:41, 28 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2025 жылғы 28 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Астана әкіміне кептеліс мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы елордадағы өзекті мәселелерді шешу және қаланы абаттандыру үшін айтарлықтай жұмыс қажет екенін атап өтті.

"Біз бәріміз бұған куә болып отырмыз. Жалпы, қала әкімі үйлесімді жұмыс істейді, тәжірибесі бар. Бұл ретте, елорда үшін кептеліс мәселесі өзекті – бұл бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау қажет. Тағы бір маңызды міндет: қайта өңдеу кәсіпорындарын салу керек, бұл барлық негізгі қалалар мен облыстарға қатысты. Салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы, жерасты коммуникацияларының құрылысы мен жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда болуы тиіс", – деп тапсырды президент.

Бұған дейін Тоқаевтың өнеркәсіп жобаларындағы олқылықты сынға алғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!