Мемлекет басшысы Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
© Сурет: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мемлекет басшысы күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Әбдімомын Желдібайұлы киелі күй өнерінің көкжиегін кеңейткен дарын иесі, ұлағатты ұстаз болды. Бар саналы ғұмырын төл мұрамызды насихаттауға арнап, еліміздің мәдениеті мен руханиятын дамытуға айрықша еңбек сіңірді. "Ерке сылқым" сияқты өміршең күйлерімен жұртшылықтың ықыласына бөленді. Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 4 наурыз 2026
Қазақстандық балалар Кишинев конвенциясы елдерінде алимент төлеуді қамтамасыз етуге қол жеткізеді
-
15:11, 4 наурыз 2026
БҚО-да полицейлер жылқыларды ұрлап, автокөлікке айырбастаған күдіктіні ұстады
-
14:57, 4 наурыз 2026
Астанада жасырын ет өндірісі әшкереленді
-
14:43, 4 наурыз 2026
Учаскелік инспектор павлодарлық тұрғынды 6,5 млн теңге несие ресімдетпек болған алаяқтардан құтқарды
-
14:28, 4 наурыз 2026
«Жұмысқа кіргіземін»: БҚО-да азаматтарды алдаған күдікті қолға түсті





