Маңғыстауда полиция зейнеткердің 4 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қалды
© Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері 84 жастағы жалғызбасты тұрғынға қатысты жасалмақ болған алаяқтық әрекеттің алдын алды. Киберполицияның Call-орталығы арқылы егде жастағы әйелді алдауға тырысқан алаяқтар туралы хабарлама түскен.
Ақпарат алынған бойда полиция қызметкерлері жедел түрде зейнеткердің мекенжайын анықтап, дереу оқиға орнына барған.
Анықталғандай, бірнеше сағат бойы алаяқтар әйелге қалалық және ұялы телефон нөмірлерінен үздіксіз қоңырау шалып, психологиялық қысым көрсеткен.
Соның салдарынан олар оның мобильді банк қосымшасына қол жеткізіп, депозиттік шоттағы қаражатты жаңадан ашылған шотқа аударған.
Киберполиция басшысы Айболат Мурзашевтың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жағдай дер кезінде бақылауға алынды. Ол зейнеткердің қызына хабарласып, кейін бірлесіп банкке жүгіну арқылы шотты бұғаттау шараларын ұйымдастырды.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 млн 400 мың теңге көлеміндегі қаражаттың ұрлануына жол берілмей, ақша толық көлемде сақталып қалды.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Жеке деректерді, кодтар мен банк шоттарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді қоңырауларға сенбеу және мұндай жағдайларда дереу полицияға жүгіну қажеттігі ескертіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:46, 20 наурыз 2026
Мәскеу маңында ұшақ апатқа ұшырады: құрбандар бар
-
18:35, 20 наурыз 2026
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді
-
18:21, 20 наурыз 2026
Жамбыл облысында көлігінің нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші анықталды
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-25 наурыз
-
17:41, 20 наурыз 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары: 21-25 наурыз





