Қызылордада Қазақстан Халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай кеңейтілген кеңес өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылорда облысы әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосуға жауапты сала басшылары, қала, аудан әкімдері мен зиялы қауым өкілдері, ҚХА мүшелері қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы ассамблея қызметінің маңыздылығын айтып, өңірдегі ауқымды іс-шараларға тоқталды.
"Баршаңызды береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде Ассамблея халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды". Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев
Әкім өңірде соңғы жылдары маңызды жобалар жүзеге асырылғанын, құрылыс қарқын алып, ел игілігі үшін әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатқанын еске салды.
"Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз күн санап өсіп келеді. Бүгінде барлық аудандағы "Руханият орталықтарында" елдің ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар іске асырылуда. Орталықтардағы "Қоғамдық келісім" кабинеттері этнос өкілдерінің мәдени-рухани бірегейлігін дамытуға мүмкіндік береді. Ассамблеяның мерейлі жылында баршамыз үшін қуанышты жаңалық – Қызылорда қаласында жаңа "Достық үйі" салынады. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне табысталады. Бұл аймақ жұртшылығының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады", – деді Нәлібаев.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Отырыста облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Дильфура Байрақтарова, Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Айтжан Оразбақов, ардагер Асылбек Жұмабаев сөз сөйлеп, аймақтағы жетістіктерді атап өтті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Басқосуда Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапат төрінен көрінді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, бүгінде өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тұрады. Жерлестеріміз Сыр өңірінің экономика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуда.
Татулық пен келісімнің киелі шаңырағына айналған "Достық үйінде" 11 этномәдени бірлестікке арналған кабинеттер қарастырылған. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Әрбір этно-мәдени бірлестіктің онкүндігі өткізіліп, ұлттық-мәдени құндылықтар насихатталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:34, 30 сәуір 2025
Еуропадағы блэкаут: мұндай сценарий Қазақстанға қауіп төндіре ме
-
14:26, 30 сәуір 2025
Барлығы туыстарының атына тіркелген: жемқор шенеуніктердің миллиардтаған теңгелік мүлкі тәркіленді
-
14:18, 30 сәуір 2025
Энергетика министрлігінің басшысы Атырауда NCOC қызметкерінің айуандықпен өлтірілуіне қатысты пікір білдірді
-
14:09, 30 сәуір 2025
Мемлекеттік қызметке орналасу: ережеге түзетулер енгізілді
-
13:56, 30 сәуір 2025
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» кең ауқымды көріктендіру 142 көшені қамтиды
Танымал жаңалықтар
-
16:03, 29 сәуір 2025
-
16:45, 29 сәуір 2025
-
15:47, 29 сәуір 2025
-
16:59, 29 сәуір 2025
-
16:22, 29 сәуір 2025
-
18:08, 29 сәуір 2025
-
22:43, 29 сәуір 2025
-
15:38, 29 сәуір 2025
-
19:31, 29 сәуір 2025
-
20:10, 29 сәуір 2025
-
15:44, 29 сәуір 2025
-
19:17, 29 сәуір 2025
-
19:42, 29 сәуір 2025
-
19:05, 29 сәуір 2025
-
17:29, 29 сәуір 2025