Қызылорда ыстық сумен қамтамасыз етіледі

21:14, 28 қаңтар 2025

© Фото: zakon.kz

Қызылорда қаласы тұрғындарының ұзақ жыл бойы арманы болған ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде 187 үй ыстық суға қосылды. Келесі жылу беру маусымына дейін облыс орталығының көпқабатты тұрғын үйлерінің барлығына ыстық су беріледі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда. Түркиялық инвестор "Акса Энерджи" компаниясы қолға алған қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы құрылысының 70 пайызы аяқталды. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Жаңа станция облыс орталығын жылумен, аймақты электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.

"Қызылорда-Жезқазған" автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы бастау алғаны белгілі. Республикалық маңызы бар жолдың облыс аумағындағы 216 шақырымының 151 шақырымы пайдалануға берілді. Жоба биыл толық аяқталады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды І санатқа ауыстыру осы жылы басталады. Қазіргі таңда, демеушілікпен 350 млн теңгеге техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!