Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысқан күдікті анықталды
© Фото: Zakon.kz
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны марихуана есірткі затын сату кезінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы жасағы қызметкерлерімен бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны марихуана есірткі затын сату кезінде ұсталды.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында 2 полиэтилен қаптамасына салынған 6 қағаз қиындысына оралған, сондай-ақ 300-ден астам сіріңке қорабына салынған жалпы салмағы 800 грамнан аса өзіне тән ерекше иісі бар кептірілген шөп тектес заттар табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Сонымен қатар үйдің жатын бөлмесінен тіркеуде жоқ 1 аңшы мылтығы және 21 гильза тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:18, 31 желтоқсан 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 31 желтоқсан
-
11:07, 31 желтоқсан 2025
Қазақстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті
-
10:54, 31 желтоқсан 2025
Самокаттар, никаб, құқыққа қарсы контент: Қазақстанда жаңа жазалау шаралары енгізілді
-
10:47, 31 желтоқсан 2025
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген азамат ұсталды
-
10:38, 31 желтоқсан 2025
Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды





