Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

17:30, 23 маусым 2026

© Сурет: unsplash

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов 2026 жылғы 23 маусымда Өзбекстанмен жер телімдерін айырбастау және осыған ұқсас ұсыныстың Қазақстанға да жолданғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаровтың өкілінің айтуынша, қазіргі таңда Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны демаркациялау аясында бұрын Өзбекстан аумағына қараған екі елді мекен тұрғындарымен бірге (шамамен 2 500 адам) Қырғыз Республикасының құрамына өтті.

"Әңгіме бұрын Өзбекстанның Ферғана облысына қараған Шоңқара және Таш-Төбе ауылдары туралы болып отыр. Бұл елді мекендерде этникалық қырғыздар тұрады. Енді бұл ауылдарда тіркеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталғаннан кейін тұрғындарға Қырғыз Республикасының азаматтығы беріледі. Өз кезегінде Қырғызстан аталған елді мекендердің орнына Өзбекстанға шекара маңындағы аумақтан көлемі тең жер телімдерін берді", – деп жазды Алагөзов.

Сонымен қатар оның айтуынша, Сай ауылынан Таян ауылына дейін автожол салу мақсатында жалпы көлемі 236 гектар болатын тең дәрежедегі жер телімдері айырбасталған. Соның нәтижесінде Баткен облысының тұрғындары алдағы уақытта Айдаркеннен Баткенге Сай және Таян ауылдары арқылы қатынап, қазіргі 225 шақырымдық айналма жолдың орнына шамамен 55 шақырым ғана жүретін болады.

"Сондай-ақ бауырлас Қазақстан тарапына Тоқмақ қаласы маңындағы жолдың 800 метрлік бөлігін қамтитын тең дәрежедегі жер телімдерін айырбастау туралы ұсыныс енгізілді. Бұл жобаны іске асыру Алматы көшесінен Кемин қаласына дейін ұзындығы шамамен 150 шақырым болатын ақылы автомагистраль салуға мүмкіндік береді. Мұндай мәселелер саяси алыпсатарлықтың тақырыбына айналмауға тиіс", – деді Асқат Алагөзов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!