Күріш пен мақта дақылдары алқабын қысқарту не үшін керек болды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 2024 жылы 28 мамырда Мәжіліс дәлізінде күріш пен мақта дақылдары алқабын қысқарту туралы шешімге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қабылданған бұл шешімге өткен жылы оңтүстік өңірде су тапшылығы байқалып, үлкен егіс алқаптарының зардап шегуі түрткі болған. Вице-министр, атап өткендей, күріш пен мақта дақылдары өсетін Қызылорда және Түркістан облыстарында мұндай жағдай жыл сайын байқалады.
"Егіс алқабын қысқарту біз өндірісті қысқартып жатырмыз дегенді білдірмейді. Егістік алқапты қысқартумен қатар суды үнемдеу технологияларын енгізу арқылы, біріншіден, суды үнемдеуге, екіншіден, өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретін осы суару жүйелері арқылы біз тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде және өсімдіктерді қорғау құралдарын да қолдана аламыз. Осылайша, сапалы тұқымы себу арқылы біз бір гектардан алынатын өнімділікті арттырамыз", - деді Ербол Тасжүреков.
Оның пайымдауынша, Қазақстан үшін күріш немесе мақта өндірісінің көлеміне қатысты ешқандай қауіп жоқ.
"Күріш немесе мақта алқаптарын қысқартсақ та, осы шаралар арқылы біз бір гектардан алынатын өнім шығымдылығын арттырамыз. Осылайша, елімізді күрішпен және күріш жармасымен қамтамасыз ету көлемі еш төмендемейді", - деді Ербол Тасжүреков.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 9 маусым 2026
Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті
-
22:07, 9 маусым 2026
Түркістан облысында бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті
-
21:58, 9 маусым 2026
Алматыда полиция жүк тасымалына бақылауды күшейтті
-
21:12, 9 маусым 2026
10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:49, 9 маусым 2026
Қостанай облысындағы трассада болған жол апатынан екі адам қаза тапты





