«Күндіз жылы, түнде суық болады». Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pexels
Алматыда қазан айының соңғы күні мен қарашаның басында ауа райы жылы болады. Күндіз ауа температурасы +18°С-ге дейін көтеріледі, бірақ одан кейінгі күндері қалада жаңбыр жауып, күн суытады. "Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, апта барысында қаладағы ауа райы, негізінен, құрғақ әрі жылы болады. Бұл ретте күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
"Болжамды кезеңнің соңына қарай жаңбыр жауып, күн суытады. Қала тұрғындары мен қонақтарына күндізгі және түнгі температурада айырмашылық барын ескеруге кеңес береміз: таңертеңгі және кешкі серуенге жылы киініп шыққан абзал", деп атап өтті гидрометр орталығының өкілі.
Сондай-ақ синоптик 4 қарашаға дейін ауа райы қалада серуендеуге қолайлы болатынын жеткізді. Алайда тауға шығуды жоспарлаған кезде таулы аудандардың ауа райы болжамын жекелей нақтылап, сондай-ақ дауылды ескертулерді басшылыққа алу қажет: тау етегі мен биік таулы аймақтардағы ауа райы мен температура қаладағыдан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 31 қазан мен 6 қараша аралығындағы ауа райы болжамы:
- 31 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.
- 1 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.
- 2-3 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +14...+16°С.
- 4 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +16...+18°С.
- 5 қараша: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұстардағы екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +14...+16°С.
- 6 қараша: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +12...+14°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 31 қазан, сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 30 қазан 2026
Күрестен Әлем чемпионаты: Алтын Шагаева финалда жеңіліп, «қоладан» қағылды
-
18:49, 30 қазан 2026
Инфляция күшейіп, халықтың табысы баяу өседі - сарапшылар болжамы
-
18:16, 30 қазан 2026
Астанадағы Әлем чемпионаты: Асыл Айтақын «қолаға» таласатын болды
-
17:42, 30 қазан 2026
Таразда жолда есіксіз кетіп бара жатқан Volkswagen полиция назарына ілікті
-
17:34, 30 қазан 2026
Cадақ атудан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі





