Қостанай облысының бұрынғы әкімі дүние салды
© Сурет: Instagram/qumaraqsaqalov
Қостанай облысының бұрынғы әкімі Кенжебек Укин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы хабармен қазіргі облыс әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол, әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", деп жазды Құмар Ақсақалов 13 қазанда.
Кенжебек Укин - ұстаздықтан басшылық қызметке дейін көтерілген өңірдегі беделді саясаткерлердің бірі. Ол кісі 1990 жылдардың басында Торғай және Қостанай облыстарын басқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 21 желтоқсан 2024
Бағаны тұрақтандыру: Павлодар билігі тауар өндірушілермен келісімге отырды
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты