Қостанай облысында шетелдік екі азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

17:05, 28 қаңтар 2025

© Сурет: polisia.kz

Қостанай облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды.

Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағынан шығарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!