Көршінің балалары түнде шуласа, қайда шағымдануға болады
© Фото: unsplash
Балалары түнде ойын ойнап, шу шығаратын көршілер қомақты көлемде айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 30 тамызда "Диапазон" газеті жазғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны күнделікті түнгі шулайтын жоғары қабаттағы көршілерін тәртіпке шақыруға тырысқан.
Әйелдің айтуынша, көршілерінің балалары еркін жүгіріп, секіріп, қатты айқайлайды. Соның салдарынан түнде аяқтың дүбірінен оянып кету ол үшін үйреншікті жағдайға айналған.
Мәселені бейбіт жолмен шешуге жасалған әрекеттер нәтиже бермеген.
"Көршілер балаларын бақыламайды. Олардың қанша екенін де білмеймін, бірақ олар түннің бір уағына дейін секіріп, айқайлайды. Түнгі сағат екіде, үште – айқайдан, ойыннан, аяқтың дүбірінен ояну қалыпты жағдайға айналды. Олармен сөйлесу үшін төрт рет үйлеріне бардым. Алғашында көршілер "бұлар бала ғой, оларға тыйым сала алмаймыз, жылап қалады, жағдай одан сайын қиындайды" деп ақталды. Кейін есік ашпайтын болды. Мен бәрін түсінемін, бірақ менің таңғы сағат 8-де жұмысым бар!" – деп шағымданды Ақтөбе тұрғыны.
Жағдайға заң консультанттары палатасының мүшесі Алена Дуля түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда ең дұрыс шешім – шудың әрбір фактісін ресми түрде тіркеу.
"Әр жағдайда учаскелік полиция қызметкерін шақырыңыз. Бұл – тыныштықты бұзу болып саналады. Ол үшін айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін айыппұл мөлшері жоғары болады", – деп түсіндірді заңгер.
Маманның айтуынша, егер полиция шақыру мен салынған айыппұлдар нәтиже бермесе, зардап шеккен тұрғындардың моральдық зиянды өтеу туралы сотқа талап арыз беруге де құқығы бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:43, 31 тамыз 2026
ШҚО тұрғыны есірткімен ұсталып, күтпеген сылтау айтты
-
11:33, 31 тамыз 2026
Әнші Линда Қазақстанда концерт береді
-
11:24, 31 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бектеновті премьер-министр қызметіне қайта тағайындады
-
11:23, 31 тамыз 2026
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды
-
11:20, 31 тамыз 2026
NASA екі әйел астронавты ашық ғарышқа шығарады





