«Көпбалалы отбасыларға арналған кәсіпкерлік және жұмыссыздық мәселелері». «ADAL» партиясы Ақтөбе облысында кездесулер өткізді
2020 жылғы 12 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, оған "ADAL" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар қатысты:
- Эльдар Жұмағазиев - қоғам қайраткері, білім беру, әлеуметтік салаларға қатысты бірқатар жобалардың авторы, саясаттанушы.
- Игорь Шацкий - қоғам қайраткері, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы сарапшы;
- Алина Асқарова - бизнес-білім беру саласын басқару бойынша сарапшы.
"Сымбат" жекеменшік мектебінде ұйымдастырылған жалпы кездесу барысында Эльдар Жұмағазиев партияның ребрендингі, оның құрамы және сайлауалды бағдарламасы туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кездесу қонақтары өңірдің өзекті мәселелерінің бірі – жұмыссыздық жайын көтерді.
"Барлық жерде жұмыссыздар бар. Меніңше, бұл - басты мәселе. Мен осы проблеманы ел аумағында шешуге шын ниетіммен атсалысқым келеді", - деді Эльдар Жұмағазиев. Оның пікірінше, мұндай жағдай көп жағдай көбіне сапасыз білім беру салдарынан туындайды.
Депутаттыққа кандидат партия бұл мәселені шешудің бірден бірнеше жолын ұсынатынын атап өтті. Олар: ерте кәсіби диагностика жүйесі, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру арқылы.
Партия өкілі, экономикалық сарапшы Әнуар Керембаев кездесуге қатысушыларға аdalpartiyasy.kz сайты туралы және сайттың пайдалы қызметтері жайында әңгімеледі. Өз кезегінде Эльдар Жұмағазиев "Сіздің өңіріңіздің мәселелері" сервисіне назар аударды.
"Қазір экранда көріп отырған мәселелер - өзіңіз көрсеткен мәселелер. Сіз сауалнамаға жауап бердіңіз. Демек, үндемей қалмадыңыз, енді оларды бірге шешеміз", - деді ол.
Сұрақтар мен жауаптар сессиясы аяқталғаннан кейін депутаттыққа кандидаттар Эльдар Жұмағзиев пен Игорь Шацкий Ақтөбе қаласындағы көп балалы ананың үйіне барды. Барлық қиындықтарға қарамастан, 7 баланы тәрбиелеп отырған бұл әйел өз бизнесін ашуға тырысқан, бірақ бірқатар қиындықтарға тап болыпты.
Партия өкілдері көпбалалы ананың сөзін тыңдап, қолайлы бизнес-жоспар құруға және оны одан әрі сүйемелдеуге көмектерін ұсынды.
Кездесуден кейін Игорь Шацкий көп балалы отбасыларға көмек тек баспана берумен шектелмеуі керектігін айтты.
"Көп балалы отбасыларға өз бизнес идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Мысалы, жалдамалы қызметкерлерді тартпай, отбасылық іс форматында жасауға болады. Біз бұл мәселені тағы да пысықтайтын боламыз", - деп сендірді ол.
Одан кейін партия өкілдері шаруа қожалықтардың, сүт өнімдерін өңдеу цехтарының басшыларымен және басқа да кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шара еркін диалог форматында өтті. Тараптар өңірдегі бірқатар өзекті проблемаларды, атап айтқанда, бизнесті субсидиялау мәселесін талқылады.
Талқылау барысында кездесу қонақтарына аdalpartiyasy.кz сайтының жұмысы көрсетілді. Оның ішінде "ADAL ақпараттық-талдау жүйесі" жан-жақты таныстырылды.
"Біз әр ауылдың мамандану деңгейін білеміз. Біздің статистика басқалардан ерекше, өйткені ол адал жасалынған жұмыстың нәтижесі. Біз халықтан жеке-жеке сұрау салып, зерттеу жүргіздік", - деп түсіндірді партия мүшесі Әнуар Керембаев.
Кездесуге қатысушылар сайттың барлық қызметтерін жоғары бағалады.
«Керемет интернет ресурс - бұл үлкен жетістік. «ADAL»-дың цифрлық партия екендігіне күмәніміз жоқ», - деп атап өтті кәсіпкерлердің бірі.
Мәжіліс депутаттығына тағы бір кандидат Алина Асқарова Ақтөбе қаласының жастарымен кездесу өткізді. Іс-шараға студенттер, жас кәсіпкерлер және ісін жаңа бастаған азаматтар қатысты.
Алина Асқарова қатысушыларға партияның негізгі басымдықтары мен сайт қызметтері туралы айтып берді. Одан әрі кездесу дисскуссияға ауысты. Онда жастарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындарда тағылымдамадан өту мәселелері талқыланды. Партия сайтында типтік бизнес-жоспарларды жүктеу мүмкіндігі ерекше жоғары бағаланды.
Кездесу соңында студенттер мен жас кәсіпкерлер Алина Асқароваға "ADAL" партиясының жастар қанатын ұйымдастыру туралы өтініш білдірді. Өз кезегінде депутаттыққа кандидат бұл мәселені саяси кеңес мүшелерімен талқылауға уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында кезекті Парламенттік сайлау өтеді. Қараша айында «ADAL» партиясы сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады:
- Халықтың өмір сапасын көтеру;
- Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы;
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру;
- Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі;
- Өмірге қолайлы мемлекет.
Бағдарламамен толығырақ ресми сайттан таныса аласыз https://adalpartiyasy.kz/program
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 22 қараша 2024
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
-
10:51, 22 қараша 2024
Өскемен тұрғындары улы газға тұншығып отыр
-
10:31, 22 қараша 2024
Қостанайлықтар алкоголь тұтыну бойынша алғашқы орында
-
10:24, 22 қараша 2024
Алматыда полиция түнгі қарақшыларды ұстады
-
10:22, 22 қараша 2024
Алматыда қар мен жаңбыр: жолдағы арнайы техника және көктайғаққа қарсы шаралар