Көліктен отшашу атқан жамбылдық азамат жауапқа тартылды

15:35, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында көлікпен от шашу жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Меркі ауданында болған.

"Құқық бұзушы сағат түнгі 03.00 шамасында ауданның орталық көшесінде автокөлігінің артқы жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты (скотчпен) жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, айналаға от шашу жасаған. 28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБТк-нің 436-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды",- деп мәлімдеді өңір полициясы.

Осы бап бойынша жаза пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұған дейін Павлодар облысындағы Жаңа жыл күнгі "ене мен күйеу баланың" жанжалы сотта қаралғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!