Көкшетауда жағажай салуға бөлінген қомақты қаражатты шенді тұлға қалтасына басқан
© Сурет: gov.kz
Көкшетауда "Набережная" жағажайын салуға бөлінген миллиондаған қаражат ұрланды. Күдікті ретінде шенеунік және екі ЖШС басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, 170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – "М-Строй Проект" ЖШС-і және мердігер компания "ПавлодарЭнергоМонтаж" ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған қаражаттар 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін "Набережная" жағажайын салуға бөлінген. Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4- бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды",- делінген ақпаратта.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.
"Прокурорлар "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атабасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырлған ақшаға жасалғаны анықталды. Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген".Ақмола облысының прокуратурасы
Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.
Бұған дейін қазақстандық полицейлердің жол жүрісіне қатысушыларға ерекше үндеу жасағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:26, 16 сәуір 2026
Алматыда құрғақ шөптің өртенуі азайды – ТЖД
-
21:42, 16 сәуір 2026
Жамбыл облысында оқушы өзіне қол жұмсаған: үш адам сотталды
-
21:08, 16 сәуір 2026
Шымкентте шенеуніктер 1,7 млрд теңге негізсіз жұмсамақ болған
-
20:53, 16 сәуір 2026
«Әділет» партиясын құру бастамасы ресми түрде тіркелді
-
20:18, 16 сәуір 2026
Тоқаев «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісін «Достық» орденімен марапаттады





