Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азаматты ұстады

11:14, 12 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

Көкшетау полицейлері есірткі жеткізумен айналысқан елордалық азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыз айында Ақмола облысының жедел уәкілдері Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны өңірге есірткі жеткізетіні жөнінде ақпарат алды. Бұрын ер адам есірткі сатқаны үшін сотталған, алайда болған оқиғадан сабақ алмаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында есірткі сатушы қонаққа барған досының пәтерінде ұсталды. Тінту шаралары кезінде ұсталған адамнан 1 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 8 қазанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!