Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып: Алматыда қайтадан қар жауды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда 2025 жылдың 25 наурызы күні таңнан бері қар жауып, ауарайы күрт суытты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Түнде мегаполисте жаңбыр жауып, арты қарға ұласты.
Айта кету керек, нөлден жоғары температураның әсерінен ақ үлпек жерге түсіп үлгермей еріп кетіп жатыр. Қардың шамалы жиналуын тек кейбір үйлер мен ғимараттардың төбесінде, сондай-ақ автокөліктерден көруге болады.

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда 25 және 27 наурызда жауын-шашын күтілуде. Ал 26 наурызда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп уәде берді, бірақ түнде ауа температурасы -3°C дейін төмендейді:
- 25 наурыз: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +4+6°C.
- 26 наурыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +5+7°C.
- 27 наурыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел 3-8, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +7+9°C.

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 21 наурызында Алматыға 26 градус ыстықтан кейін күн суытып, қар жауатыны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:43, 26 наурыз 2025
Жаңбыр, қар, тұман: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:20, 26 наурыз 2025
«Айсұлу» хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасының финалында жеңіске жетті
-
18:31, 26 наурыз 2025
Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің 1/4 финалына шығу үшін бақ сынайды
-
18:22, 26 наурыз 2025
Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты
-
18:14, 26 наурыз 2025
Атырауда есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды
Танымал жаңалықтар
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:23, 26 наурыз 2025
-
09:51, 26 наурыз 2025
-
09:33, 26 наурыз 2025
-
12:30, 26 наурыз 2025
-
11:34, 26 наурыз 2025
-
10:02, 26 наурыз 2025
-
10:40, 26 наурыз 2025
-
10:25, 26 наурыз 2025
-
09:22, 26 наурыз 2025