Кәсіпкерлерге «Айша Бибі» кесенесі аумағындағы заңсыз иеленген ғимараттарды босату міндеттелді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сот "Айша Бибі" кесенесі аумағындағы заңсыз иеленген ғимараттарды босатуды міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғарғы сот мәліметіне сүйенсек, "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл облысының бес тұрғынының үстінен жерді пайдаланудағы кедергілерді жою туралы сотқа талап қоюмен жүгінген. Музей-қорықтың иелігінде "Айша-Бибі" кесенесі бар, оған 2 гектар жер учаскесі тұрақты жер пайдалану құқығы берілген.
Бұл участок әкімнің шешімі және жер пайдалану құқығы туралы актісі бойынша сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады. Осы жерде бірнеше техникалық бөлмелер салынған. Алайда бес кәсіпкер бұл ғимараттарды заңсыз иемденіп, қазір оларда коммерциялық қызметпен айналысуда.
Музей-қорық сотқа жүгініп, кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен, өйткені жауапкерлерде сауда жасауға рұқсаттары, сондай-ақ бұл үй-жайларды кәсіпкерлік үшін пайдалану құқығы мен құжаттары жоқ. Сондай-ақ талап қоюшы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын атап өткен.
"Төрт жауапкер талап қоюды мойындамаған, кәсіпкерлердің бірі даулы ғимараттарды 2010 жылы өз қаражатына салып, кейін оларға сауда жасау үшін тегін бергенін мәлімдеген. Бесінші жауапкер талап қоюды мойындаған",- делінген ақпаратта.
Осылайша, Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлер қорық-музейге тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденген деген қорытындыға келді.
Талап қою қанағаттандырылды: сот кәсіпкерлерге заңсыз иеленген үй-жайды босатуды міндеттеді.
Жауапкерлер бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағым түсірген. Алайда, Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:36, 1 сәуір 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
-
14:20, 1 сәуір 2025
Жаңа алаяқтық схема: жоғары жалақы ұсынатын жаңа сайт пайда болды
-
14:04, 1 сәуір 2025
Bloomberg басшыларының бірі, оның әйелі мен қызы өлі табылды
-
13:57, 1 сәуір 2025
Жапондық танымал мейрамханалар желісі тағамнан егеуқұйрық пен тарақанның шығуына байланысты жабылады
-
13:45, 1 сәуір 2025
Қазақстан халқы туралы жаңа деректер
Танымал жаңалықтар
-
15:31, 31 наурыз 2025
-
17:33, 31 наурыз 2025
-
16:32, 31 наурыз 2025
-
18:37, 31 наурыз 2025
-
15:52, 31 наурыз 2025
-
15:44, 31 наурыз 2025
-
16:53, 31 наурыз 2025
-
15:09, 31 наурыз 2025
-
21:58, 31 наурыз 2025
-
16:17, 31 наурыз 2025
-
20:41, 31 наурыз 2025
-
16:25, 31 наурыз 2025
-
17:32, 31 наурыз 2025
-
17:10, 31 наурыз 2025
-
16:04, 31 наурыз 2025