«Қазгидромет» Ақтөбе, Балқаш және Қостанай тұрғындарына ескерту жасады

09:45, 19 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанның үш қаласында 19 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған ескертуде айтылған.

"19 маусымда Ақтөбе мен Балқаш қалаларында, ал түнгі уақытта Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында жүрмеуге кеңес беріледі. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүргені жөн.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 19 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде аптап ыстық болатынын ескерткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!