«ҚазАвтоЖол» тасжолдардағы жағымсыз әдетке байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
© Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 5 тамызда "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы қазақстандықтарды тасжол бойында тазалық сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компания республикалық маңызы бар автожолдардың бойында күн сайын мыңдаған жүргізуші мен жолаушы пайдаланатын жылы және салқын санитарлық тораптар жұмыс істейтінін еске салды.
Алайда мамандардың айтуынша, кейбір адамдар кезек күткісі келмей, дәретхана ғимаратының сыртына дәрет сындырады.
"Соның салдарынан аумақ ластанып, жағымсыз иіс шығады, қоқыс жиналып, санитарлық талаптар бұзылады", – деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
Компания қазақстандықтарды айналасындағыларға құрметпен қарап, қарапайым мәдениет пен гигиена талаптарын сақтауға шақырды:
- аздап күтуге тура келсе де, санитарлық тораптарды пайдалану;
- аумақта қоқыс пен дәретхана қағазын қалдырмау;
- көпшіліктің пайдалануына арналған мүлікке ұқыпты қарау;
- күн сайын тазалықты қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбегін құрметтеу.
Қазақстандағы жол бойындағы дәретханалар мәселесі әлі де ең өзекті әрі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. 2026 жылғы наурызда Ақмола облысында жол бойына 13 дәретхана орнатылатыны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 5 тамыз 2026
Мемлекеттік стипендия төлеу тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты
-
15:44, 5 тамыз 2026
5 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:36, 5 тамыз 2026
Көлік министрлігі қазақстандық жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздікке байланысты маңызды үндеу жасады
-
15:27, 5 тамыз 2026
Банктің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жөніндегі жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілді
-
15:15, 5 тамыз 2026
Аптап ыстық жаңбырмен алмасады: 6-8 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады





