Қазақстандық оқушылар географиядан EGeO олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

17:19, 3 шілде 2024

© Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кұрама команда нәтижесі:

  • Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
  • Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
  • Команда жетекшісі — Абай Дүйсен —республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.

2023 жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!