Қазақстанда ТМД полициясының сұрауы бойынша 200-ден астам қылмыскер ұсталды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылдың төрт айында аумақтық полиция департаменттерінің жедел уәкілдері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен шет мемлекеттердің ІІМ желісі бойынша түрлі қылмыстар үшін мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысында Өзбекстан Республикасының 48 жастағы азаматы ұсталды. Ол ақпан айында Ташкент облысында отбасылық жанжал кезінде жұбайын соққыға жығып, оның өліміне әкелген дене жарақаттарын келтірген.
Адам өлтірді деген күдікпен 2003 жылдан бері іздеуде жүрген 71 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталып, қамауға алынды.
Алматы қаласында мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2012 жылы ол Шыршық қаласында өзімен бірге тұратын әйелді аяусыз ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген.
Жамбыл облысында Қырғызстан азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ер адам 2022 жылы Ресей Федерациясының Липецк қаласында өзінің танысын пышақтап өлтірген. Елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ІІМ сұрауы бойынша 57 қылмыскер құрықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





