Қазақстанда тағы бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектеледі
© Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы бүгін, 9 қарашада тағы бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр:
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 16-200-шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Павлодар облысында республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментеу-Шидерті" автожолының 200-254-шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар "РФ шекарасы (Екатеринбургке) Алматы" автожолының 1292-1353-шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00-де Қарағанды облысында:
- "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 1353-1426-шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" автожолының 1426-1446-шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 12 қараша 2024
Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
-
22:21, 12 қараша 2024
Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді
-
22:01, 12 қараша 2024
Қар, тұман, көктайғақ: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:42, 12 қараша 2024
Қазақстандық конькишілер Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды
-
21:11, 12 қараша 2024
Абай облысының құтқарушылары балаларға көмектесті