Қазақстанда 4 мыңға жуық адам өкпе обырына шалдыққан
© Фото: akorda.kz
Жыл сайын елімізде өкпе обырына шалдыққан науқастар қатары көбейіп келеді. Қазір дерт анықталған төрт мыңға жуық адам дәрігердің есебінде тұр.
Көпшілігі – ер азаматтар. Арасында жиырмадан асқан жас жігіттер де бар. Дәрігерлер аты жаман аурудың жасарып жатқанын айтып, дабыл қақты.
Статистика бойынша елімізде 231 мың адам онкологиямен ауырады. Былтыр 40 мыңнан астам адамға диагноз қойылған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп. Қауіпті дерттен 12 мыңдай адам көз жұмған. Елімізде ең көп тараған қатерлі ісік түрлерінің ішінде өкпе обыры үшінші орында тұр, деп жазады qazaqstan.tv.
Өкпе обырын скрининг арқылы анықтау өте қиын, дейді онкологтар. Айтуларынша, бұл дерт коронавирус пандемиясынан кейін көбейген. Өйткені сол кезде рентген мен компьютерлік томографияға жүгінетіндер саны артыпты. Яғни обырдың бұл түрін тек аталған аппарат арқылы ғана білуге болады.
Өкпе обырының пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді. Ол – темекі шегу, экологияның нашарлауы, созылмалы өкпе аурулары. Сонымен бірге, тұқым қуалаушылықтан да болады, дейді дәрігерлер. Бұл дерт ерлер арасында бірінші орында тұр.
Ақ халаттылар өкпе қатерлі ісігін емдеудің жаңа хирургиялық тәсілдерін қолданып жатыр. Ол кеуде хайток деп аталады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл тәсіл науқастың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді.
"Осыған дейін 3 науқасқа жасадық. Бұл операцияның ерекшелігі операция кезінде толық ісік алып тастаймыз да, кейін сол операция жасалған орынды химиялық препаратпен 42 градуста ішін жуамыз. Сол ыстық градуста өзінің резизденті төмендеп, химияның әсерінен жойылады. Соның әсерінен біз осы операцияны енгізіп отырмыз. Нәтижесі жаман емес, жақсы нәтиже көріп отырмыз. Енді бұл операциядан кейін енді бұл шетелдерде зерттеп қаралған." Нұртас Қалибеков, хирург-онколог дәрігер
Қатерлі ісіктің кез-келген түрі қайталануы мүмкін. Сондықтан науқастарды жыл сайын тексеріп отыру маңызды. Егер ауру ерте анықталса, оны емдеу мүмкіндігі жоғары болады. Осы орайда онкологтар халықты денсаулығына бей-жай қарамауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 26 наурыз 2025
Астана, Алматы, Шымкентте күн жылынады
-
15:20, 26 наурыз 2025
Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам ұсталды
-
15:09, 26 наурыз 2025
Экология министрлігі елімізге тағы бірнеше жолбарыс әкелуді жоспарлап отыр
-
14:54, 26 наурыз 2025
Желідегі жаңа алдау схемасы: Геннадий Головкиннің жалған жарнамасына сенбеңіз
-
14:47, 26 наурыз 2025
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді
Танымал жаңалықтар
-
17:32, 25 наурыз 2025
-
17:57, 25 наурыз 2025
-
16:25, 25 наурыз 2025
-
15:59, 25 наурыз 2025
-
16:11, 25 наурыз 2025
-
17:48, 25 наурыз 2025
-
16:53, 25 наурыз 2025
-
17:13, 25 наурыз 2025
-
16:40, 25 наурыз 2025
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025