«Қазақстанда 1 млн адам лудоман» деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

© Сурет: pxhere
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2025 жылы 19 наурызда Сенат дәлізінде берген сұқбатында Қазақстанда қанша адам ойынқұмарлыққа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізілген зерттеу нәтижелерін жеткізді.
"Біздің деректеріміз бойынша, 350 мың азамат жүйелі түрде екі және одан да көп рет ойнайды. Бұл олардың барлығы лудоман дегенді білдірмейді. Оның 36 мыңы - Денсаулық сақтау министрлігінің анықтамасы бойынша құмар ойынға тәуелділіктен зардап шегетіндер", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіштер әлемдік деңгейге сәйкес келеді: халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жүйелі түрде ойын ойнайтындардың шамамен 10%-ы тәуелділіктен зардап шегеді.
"Бізде көрсеткіштер шамамен осындай. Бізде 350 мың лудоман бар, сондай-ақ бізде 1 миллион лудоман бар деген ақпарат расталмады және ол шындыққа сәйкес келмейді", – деп сөзін түйіндейді вице-министр.
Бұған дейін Ержан Еркінбаев мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде ойынқұмарлық дертіне шалдығу тексерілетінін-тексерілмейтінін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 23 сәуір 2025
Таразда ағаш құлап, бүлінген көлік шығынын әкімдік өтейтін болды
-
22:46, 23 сәуір 2025
«Қар жауып, үсік жүреді». Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
-
21:50, 23 сәуір 2025
Ақтөбеде ем іздеп келгендерге несие алдыртқан емшінің ісі сотқа жетті
-
21:30, 23 сәуір 2025
Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды
-
20:56, 23 сәуір 2025
Самат Смақов төрешілерге тіл тигізгені үшін бірқатар ойындардан шеттетілді