Қазақстанда металл сынықтарын экспорттауға тыйым тағы ұзартылды
© Фото: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 14 сәуірде қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауды реттеу мәселелері жөніндегі бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан барлық көлік түрлері арқылы алты ай мерзімге келесі өнімдерді сыртқа шығаруға тыйым салынады:
- мыс, алюминий, қорғасын және құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар өзге де металл сынықтары мен қалдықтары, сондай-ақ сұрыпталмаған не аталған заттар жоқ қалдықтар;
- қара металл сынықтары мен қалдықтары, қайта балқытуға арналған құймалар (шихта), пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол инфрақұрылымының элементтері және жылжымалы құрам бөлшектері.
Бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Қазақстанда қара және түсті металл сынықтарын экспорттауға тыйым өткен жылдан бері қолданылып келеді және оның мерзімі бірнеше рет ұзартылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:39, 22 сәуір 2026
Алматылық оқушы БҰҰ штаб-пәтерінде әлемнің үздік 3 жас инноваторының қатарына енді
-
11:28, 22 сәуір 2026
Полиция ата-аналарды балалар қауіпсіздігін сақтауға шақырды
-
11:11, 22 сәуір 2026
Астанада жылыту маусымы аяқталды
-
10:58, 22 сәуір 2026
Семейде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған форум өтті
-
10:41, 22 сәуір 2026
Астана әкімдігі көшелердің жабылуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды





