Қазақстанда 12 қыркүйек күні найзағай ойнап, үсік жүреді, дегенмен кей өңірлерде аптап ыстық күтілуде
© Фото: pexels
2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстанда синоптикалық жағдай тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жұма күнгі ауа райы болжамын жариялап мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың шығысы мен оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде -2°С дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжануда.
Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Қостанай мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында және Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 24 маусым 2026
Бірнеше сағатта 50 құқық бұзушылық: Алматыда рейд нәтижесі жарияланды
-
15:11, 24 маусым 2026
Астанада университет қызметкері 18 талапкерді алдап, сотталды
-
14:59, 24 маусым 2026
Алматы маңындағы арнайы операция: пәтер тонаумен айналысқан ағайынды жігіттер ұсталды
-
14:47, 24 маусым 2026
LRT маңынан тауып алған патрон бір жылдан кейін астаналық жігіттің сотталуына себеп болды
-
14:31, 24 маусым 2026
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы





