Қазақстанда қоғамның көңіл-күйі қалай анықталады
© Сурет: You Tube/ОКҚ
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында жүргізілетін зерттеулер мен қолданылатын әдістер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы уақытқа дейін 200-ге жуық зерттеу жүргізіп үлгерген қазақстандық қоғамдық даму институтының басшысы өз сұқбаты барысында қоғамдық көңіл-күйге қатысты тоқсандық сауалнама нәтижелерімен де бөлісті.
Нұрбек Мәтжанидың айтуынша, аталған сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі – 84,8% өз өміріне көңілі толатындарын айтқан. Сондай-ақ респонденттердің көпшілігі (84,8%) көңіл-күйі жақсы екенін жеткізген, ал сауалға жауап бергендердің 75,1%-ы елдегі жағдайды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған.
ҚҚДИ ірі зерттеулерінің ішінде "Қазақстан Республикасындағы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" деп аталатын ұлттық баяндама бар. Онда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп-салдары, заңдағы олқылықтар, әлемдік тәжірибе талданады.
"Біз бұл зерттеуді екі жылда бір рет жүргіземіз. Бұл арада аты айтып тұрғандай, отбасындағы зорлық-зомбылық себептері, заңда қандай олқылықтар бар, әлемдік тәжірибе қандай деген бағытта талдау жасалады. Сондай-ақ "Қазақстандық отбасылар" деген екі жылда бір рет жүргізілетін зерттеу бар. Бұл зерттеуде Қазақстандағы отбасылық модель қалай өзгеріп жатыр, елдегі ажырасуға деген көзқарас қандай, ажырасудың себеп-салдары немесе ата-аналар балаларына қаншалықты көңіл бөледі, отбасында қандай құндылықтар дәріптеледі, отбасындағы адамдар бірге қалай уақытын өткізеді деген секілді сұрақтарға жауап беріледі. Бұл зерттеулерге кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі отбасылық саясат бойынша тиісті шешім қабылдайды. Әсіресе, зорлық-зомбылық мәселесі, отбасы және демографиялық саясат бойынша", – дейді ол.
Жалпы, аталған институт 2019 жылы құрылған. Қазір оның құрамында бес орталық бар: Социологиялық зерттеулер орталығы, Отбасы және гендер мәселелерін зерттейтін орталық, Қоғамдық процестерді зерттейтін орталық, "Media Lab" орталығы және Сараптамалық-талдау басқармасы.
"Осы уақытқа дейін шамамен 200 тарта түрлі деңгейде, түрлі форматта және түрлі көлемдегі зерттеулерді жүргіздік. Социологиялық зерттеуде көп қолданылатын тәсілдер сандық (жаппай сауалнама) мен сапалық социологиялық зерттеу. Сапалық социологиялық зерттеуде тереңдетілген сұқбат жаппай сауалнама көрсете алмайтын деректерді алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кеңінен қолданылатын тағы бір тәсіл – фокус-топтық талқылаулар деп аталады. Ол жерде бірнеше адам сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеуге қатысады. Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі", - деді Нұрбек Мәтжани.
Оның айтуынша, зерттеулердің көбі үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынылады екен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:05, 18 сәуір 2025
Алматыда полиция қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады
-
14:52, 18 сәуір 2025
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды
-
14:40, 18 сәуір 2025
Қарағандыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
-
14:28, 18 сәуір 2025
Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмысы уақытша тоқтатылады
-
14:14, 18 сәуір 2025
Астанадағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды
Танымал жаңалықтар
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
22:42, 17 сәуір 2025
-
21:59, 17 сәуір 2025
-
16:30, 17 сәуір 2025
-
16:23, 17 сәуір 2025
-
16:41, 17 сәуір 2025
-
20:17, 17 сәуір 2025