Қазақстанда доллар тағы көтерілді

16:23, 25 маусым 2024

© Сурет: pexels

Қазақстан қор биржасы (KASE) 25 маусым күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттықты жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге көтеріліп, 467,29 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,07 теңгені (+0,29) құрап, аздап өсті.

25 маусымда ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын 464,72 теңге, еуроны 496,32 теңге, рубльді 5,4 теңге деп бекітті.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы төмендей бастады.

ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің құны 0,09%-ға арзандап, барреліне 85,07 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,09%-ға арзандап, 81,56 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!