Қазақстанда борышкерлер тізімі жасалады

16:59, 12 тамыз 2026
MKZ: 1560967

© Фото: unsplash

2026 жылдың 10 тамызында Әділет министрлігінің бұйрығымен Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Борышкерлердің бірыңғай тізімі дегеніміз – қарызын қайтармаған адамдар мен ұйымдардың электронды тізімі. Оны цифрлық жүйе жүргізеді.

Яғни, егер адам қарызын өтемесе және сот орындаушысы сол қарызды өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізуді бастаса, борышкер туралы ақпаратты тізімге қолмен енгізудің қажеті жоқ. Жүйе оны автоматты түрде Борышкерлер тізіміне қосады.

Тізімге кім және қандай жағдайда енгізіледі?

  • Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағанда
  • Оңайлатылған іс жүргізу қозғалғанда
  • Мерзімдік төлем бойынша қарыз 3 айдан асса
  • Баламен қарым-қатынас жасау тәртібін орындамаса
  • Егер ата-ана ешқандай дәлелді себепсіз бұл талапты қатарынан екі реттен артық орындамаса, ол да тізілімге енгізіледі.

Талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау және олардың күшін жою туралы атқарушылық құжаттар Тізілімге енгізілмейді.

Тізілімде қандай мәліметтер болады?

  • борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе борышкер ұйымның атауы;
  • атқарушылық құжатты берген орган, оның берілген күні және борышкер орындамаған міндеттеменің мазмұны;
  • мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
  • сондай-ақ аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы.

Борышкер Тізілімнен қашан шығарылады?

Мәліметтер сот орындаушысы электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберген ақпарат негізінде үш жұмыс күні ішінде Тізілімнен шығарылады.

Борышкер мынадай жағдайларда Тізілімнен шығарылады:

  • атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған кезде;
  • мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешек болмаған кезде;
  • борышкер баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттың талаптарын қатарынан екі немесе одан да көп рет орындаған кезде;
  • атқарушылық іс жүргізу аяқталып, борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде; атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындауға ұсыну мерзімі өтіп кеткен кезде.

Тізілімнен мәліметтерді алып тастау цифрлық жүйеге енгізілген атқарушылық іс жүргізу туралы ақпарат пен сот орындаушысы ұсынған растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Егер атқарушылық құжат бірнеше сот орындаушысының орындауында болған болса, борышкерді Тізілімнен шығару туралы ақпаратты құжат соңғы рет орындауында болған сот орындаушысы жібереді.

Мәліметтер Тізілімнен шығарылған кезде цифрлық жүйеде тиісті акт автоматты түрде қалыптастырылады.

Сонымен қатар, Қағидаларда мәліметтерді Тізілімнен автоматты түрде шығару тәртібі де қарастырылған.

Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындауға ұсыну мерзімі өтіп кеткен жағдайда, борышкер туралы мәліметтер цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде шығарылады. Бұл құжатқа аумақтық орган басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға не уәкілетті орынбасары электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

Автоматты түрде шығару кезінде не тексеріледі?

Цифрлық жүйе атқарушылық құжаттағы мына мәліметтердің сәйкестігін тексереді:

  • атқарушылық құжаттың нөмірі;
  • атқарушылық құжаттың санаты; борышкердің ЖСН-і немесе БСН-і;
  • өндіріп алушының ЖСН-і немесе БСН-і.

Борышкер туралы мәліметтер Тізілімнен автоматты түрде шығарылғаннан кейін цифрлық жүйе аумақтық органның мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жою туралы қаулысын қалыптастырады.

Сот орындаушысы цифрлық жүйеге дұрыс әрі нақты мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!