Қазақстан 2026 жылғы ең қуатты төлқұжаттар тізімінде жоғарылады
© Фото: Zakon.kz
Азаматтық пен тұрғылықты мәртебе мәселелерін зерттейтін британдық Henley & Partners кеңес беру компаниясы 2026 жылға арналған әлемдегі ең қуатты төлқұжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания мәліметінше, 2026 жылы ең ықпалды төлқұжаттар Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея азаматтарына тиесілі. Мысалы, Сингапур азаматтары тізімге енгізілген 227 ел мен аумақтың 192-сіне ешқандай виза алмай-ақ кіре алады. Ал Жапония мен Оңтүстік Корея азаматтарына 188 елге визасыз баруға мүмкіндік берілген.
Үшінші орынды бірден бес еуропалық мемлекет — Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария бөлісіп отыр. Бұл елдердің азаматтары 186 мемлекет пен аумаққа визасыз кіре алады.
Қазақстанның төлқұжаты да халықаралық тізімдегі орнын нығайтты. Биыл ол бірден төрт сатыға жоғарылап, 61-орынға шықты. Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз бара алады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз Боливия және Суринаммен қатар тұр.
Тізімнің 20 жылдық тарихындағы ең жоғары өсім Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі. 2006 жылдан бері бұл ел 57 сатыға көтеріліп, 149 мемлекетпен визасыз қатынас орнатқан. Есепте бұл жетістік Әмірліктердің белсенді сыртқы саясаты мен визалық талаптарды жеңілдетуінің нәтижесі екені айтылған.
Ал 2025 жылы ең көп төмендеген ел — Ұлыбритания. Бір жыл ішінде ол сегіз мемлекетпен визасыз қатынастан айырылған.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 3–10 ақпан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлерден сынақ тапсыру үшін өтініш қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:01, 15 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентін қабылдады
-
11:56, 15 қаңтар 2026
Тағы бір қазақстандық әуе компаниясы Ирандағы жағдайға байланысты ұшу бағыттарын өзгертті
-
11:45, 15 қаңтар 2026
Түркияда «Сүлеймен сұлтан» сериалының мерейтойы атап өтілуде
-
11:33, 15 қаңтар 2026
Марк Цукерберг Meta компаниясында бағалаудың жаңа жүйесін енгізді
-
11:23, 15 қаңтар 2026
Алматы облысында бір топ қандас 22 жастағы алаяқтың арбауына түсіп қалған





